АДА

lat: ADA

(1) сын. араб. Жұрдай, тұлдыр, құр алақан, мақұрым, тақияда тамтығы қалмаған * Мал дегеннен ада (ада сөзінің ұясындағы адалау, адақтау, ада қылу деген сөздер арылу, түбегейлеу, бітіру, тамамдау, аяқтау, қатым ету, тауысу, түгету, тындыру, тиянақтау, сап қылу деген мағынада, ада-күде, ада-жұда деген сөздер біржола, құлан таза, мүлде деген үстеулік ұғымда қолданылады). (2) зат. көне. Апат, қатер, бақытсыздық.