«жоқ қылу, жоқ болу», «аяқтау, бітіру», «толық орындау». Бұл үш мағынасы да қазақ фольклорлық шығармалары мен ескі қазақ жазбаларында жиі ұшырасады. Сонымен қатар қазіргі тілдік қолданыста «ондай емес, мінсіз» деген ауыспалы мағынада «жамандықтан ада, арамдықтан ада» және «ада болды», «ада қылды», «ада етті» тіркесімен келіп, «таусылды, түгесті, жоқ қылды» деген мағыналарда да қолданылады.