АДАМЗАТ

lat: ADAMZAT

(ар. адамизад  ادمي      زاد  )   

1. Күллі адам баласы, адамзат.

Дүниеде көп адамзат, Бенде қоймас інкарға («Қобланды батыр». Ақсауыт. І том. 1977). Тас бауыр болмас адамзат, Өлтірмей ұста баламды («Мұхаммед пайғамбар». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Жұмысың осы болса сұрай келген, Жауынан адамзат тірі қалыпсың («Кете Жүсіп Ешниязов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

2. Адам, кісі.

Бір адамзат суретін көрген екен, Он үш жылдан іздеп жүрген екен («Сейпілмәлік». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Қандай жанның ұғылысыз, деді, жаным? Адамзат туады екен сіздей болып («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).