АДАМЗАТ ЕРКІНДІГІ ИНДЕКСІ

lat: ADAMZAT ERKİNDİGİ INDEKSİ

БҰҰ-ның Даму бағдарламасының (ПРООН) қамқорлығы шеңберінде ұсынылған өмір сүру сапасының көрсеткіші, 40 көрсеткіш қолданылатын Ч.Хьюменстің «Адам құқы жөніндегі Бүкіләлемдік басқарма» индексінің жетілдірілген нұсқасы. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен бостандықтары сақталған жағдайда бір балл беріледі, ал егер бұзылған жағдайда нөл, яғни ешқандай балл қосылмайды.