АЭРОБИКА

lat: AEROBIKA

1) Жүрек қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің функционалды мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған, төзімділікке байланысты (жүгіру, жүріс, жүзу, есу, велосипед тебу, шаңғымен, шанамен сырғанау) циклді спорт түріндегі жаттығулар жүйесі;

2) Дайындалушылардың физикалық дайындығын арттыру үшін әуенмен орындалатын әртүрлі физикалық жаттығулар жиынтығы. Сауықтыру және спорттық мақсаттарда қолданылады.