(қосымша). [анг. affix, нем. Affix, фр. affixe, лат. affixus — «жалғанған», «қосылған»]. Өз алдына жеке қолданылмай, түбір сөздерге қосылып, сол сөздің мәнін, мағынасын және функциясын өзгертетін — грамматикалық форма. Сөздің алды-артында және ортасында келуіне қарай: инфикс, префикс, суффикс болып үш салаға бөлінеді. Қазақ тіліндегі қосымша бұл терминнің эквиваленті (баламасы) бола алады. Қосымша: жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді.