ХVІІ ғ. Голландиядан Оңтүстік Африкаға келген қоныс аударушылар тілі негізінде тараған креоль-тілдердің (кейбір мәліметтер бойынша пиджин тілі) бірі және нидерланд, неміс, ағылшын, француз диалектілері мен түпкілікті халық тілдерінің (готентот, банту, бушмен) араласқан тілі, теңізшілер мен құлдардың малай-португал креоль тілі. Қазіргі уақытта африкаанс Оңтүстік Африка Республикасының аралас халқының басым бөлігі және ақ түстілерінің жартысына жуығы сөйлейді.