АФРИКАЛЫҚ ОДАҚ

lat: AFRIKALYQ ODAQ

(АО) [African Union, AU] Африка елдерінің мемлекетаралық бірлестігі. 2002 жылдың 9 шілдесінде Дурбанда (ОАР) 1963 жылы Африкадағы даму мен әріптестік мәселелерін үйлестірген Африка бірлігі ұйымының қайта құрылуы нәтижесінде пайда болды. АО құрамына 53 ел кіреді. Одақ қызметінің негізгі бағыты құрлықтың экономикалық және саяси қайта өрлеуі мүддесінде Африкадағы ықпалдасу процестерін дамыту. ұйым мақсаты мүше-мемлекеттердің егемендігін және аумақтық тұтастығын сақтау, демократиялық институттарды қалыптастыру, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, ғаламдық экономикадағы Африканың лайықты орнын қамтамасыз ету. Африкалық Одақ шеңберінде валютакаржылық саясат үйлестіріліп, қауіпсіздік саласы мен СПИД-пен күресте бірлесе әрекет етеді. Аймақтық және халықаралық деңгейде Африка экономикасына шетел капиталын тартуға бағытталған «Африканың дамуы үшін жаңа әріптестік бағдарламасы» (NEPAD) стратегиялық негіз болып табылады. Африкалық Одақ жоғарғы органдары жыл сайынғы Саммит-ассамблея, мүше-мемлекеттердің премьер-министрлері кіретін Атқарушы кеңес. Мүше-мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен тұратын комитет кызмет етеді. Штаб-пәтері Аддис-Абебте орналасқан.