з а т. Голландиялық колонистердің Оңтүстік Африканы мекендейтін ұрпағы, жеке ұлт, бурлар. Басым көпшілігі голландиялық отаршылардың Оңтүстік Африка Республикасын мекендейтін ұрпағы өз алдына жеке африканер аталатын ұлт болып қалыптасқан («Егемен Қазақстан»). Африканерлер еуропа халықтары тілдерінен көп сөз ауысқан көне голланд тілінде сөйлейді (ҚҰЭ). Бір-бірінен алшақ қоныстанған африканер отбасында қатал пуритандық дәстүр қалыптасқан («Зерде»).