з а т. м е д. Шырышты қабатта пайда болатын күлбірек жара. Афты ауыздың, мұрынның, көздің, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында әртүрлі вирустық аурулардың салдарынан пайда болады («Денсаулық»). Афтыны емдеуге тазалық ережесін сақтап, А витамині, интерферон, антисептикалық майлар пайдаланылады (ҚСЭ).