АГГЛЮТИНАЦИЯ

lat: AGGLÚTINASIaÁ

түбірге немесе негізге стандартты аффикс жалғау арқылы сөз бен сөзтұлға тудыратын әдіс. Бұл мағынада (морфемалардың қосылуы тәсілі ретінде) агглютинация фузияға қарама-қарсы қойылады. Аффикстер белгілі бір иерархиялық жүйемен жалғанады, мыс., ата-ларымыз-да. Аффикстердің дыбыстық варианттары сингормонизм нәтижесінде пайда болды, мыс: қаз-дар-дың; кітап-тар-ға. Агглютинацияның морфологиялық белгісіне сәйкес агглютинативті (жалғамалы) тілдер ерекшеленеді. Морфемаларды жалғау әдісі ретінде агглютинация аггютинативті емес тілдерге де тән құбылыс, мыс., австронезиялық, үндіеуропалық тілдер.