АГГЛЮТИНАЦИЯ

lat: AGGLÚTINASIaÁ

( лат. agglutinare - қаз. желімдеу) - түбір сөздің соңынан қосымшалардың тізбектеле жалғану тәсілі. Агглютинация (жалғамалылық) жаңа бейнені әртүрлі объектілердің бөлшектерін біріктіріп жасау тәсілі. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (бейненің типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия-танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрастырылады. Агглютинация тәсілі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінде үлкен орын алған.