АЙ

lat: AI

зат. Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл, отыз-отыз бір күндік мepзiм.

Алты ай өтер қыс болып

Тізеден қар, белден тоң,

Жер үстіне күш болып.

Қақ айырылып қара жер,

Қисаптан тыс қыс болып (Кердерi Әбубәкір, Қазағым).

Аман болса, бiр айдан соң бала туар,

Баласы шыны патша дана туар.

Қол қойып, көп алдында қағаз жаздың,

Өскен соң жұртқа қанық сөзің қуар (Ә.Найманбаев, Шығ.).