lat: AILAKER, HAILAKER
(ар.пар. хайлакер كار حيله)
1. Қу, залым, арам.
Ішінде баба Омар деген айлакер бар, Әсіресе онан-ақ өлдім, – дейді («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).
Екеуінің тағамын мезгілінде, Бұ хайлакер қатын онда қылды даяр («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Қарт сонда: – Сіз білмейсіз оны, Ол Баттал – бек хайлакер адам, – деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
2. Сайқымазақ (клоун).
Бұтына ыштан кигізіп, түрлі палуан, түрлі айлакер , ғаяр, сиқыршыларын алып 12 мың әскерімен Үрім шаһарына жөнеп берді («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).
Айлакерлер жұрттарды таң қалдырды, Бірін-бірін амалменен ойнап, байлап («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).