АЙМАҚТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР

lat: AIMAQTYQ ÓNDİRÝSHİLER

аймақтық рыноктағы отандық ұқсас тауар өндірушілердің жиынтығы, олар мынадай шарттарға сай келеді: өндірушілер өзінің барлық тауарын немесе оның негізгі бөлігін сол рынок ішінде сатады; өндірушілер ұқсас тауарды бұл аймаққа беретін бірден-бір өндірушілер болып табылады («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі 421 ҚРЗ 1бап)