АЙТТЫҚ

lat: AITTYQ

айт күні айттық деп сұраған айттаушы (айтшылаған) адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады. Ел ішінде А.-тың айттық сый деген атауы да кездеседі. Сондай-ақ, А. айт күндері қыдырып, айтшылап барған үйдің балаларына беретін түрлі ойыншық, ақша, қант, кәмпит сияқты балалар қызығатын заттар. А. беру мерекенің мерейін асырып, тату-тәттілікті, береке- бірлікті нығайтудың, әсіресе балаларды мәз-мейрам етіп қуандырудың дәнекері. Үйге айтшылап сәлем бере келген туыстардың балаларына А. беріледі.