АЙЫРУ

lat: AIYRÝ

(Түрікм.: Таш„ Ашх„ Тедж.) алу, алып тастау.

Мен саған айттым су стаканнан нанды айыр ,- деп (Түрікм., Таш.). Екіден екі айырып бола ма? (Түрікм., Тедж.).

[Турікменше айырмақ алу (Туркм.-рус. сл., 1940); өзб. айирмоқ алу (Рус.-узб. сл„ 1954); өзірб. айрылмаг айырылу, алыну, бөліну (Азерб.-рус. сл., I, 1962, 92); үйғ. айримақ (Уйг.-рус. сл„ 1961, 14); чув. уйар (Чув.-рус. сл„ 1985, 508); алт. айыр белу, алып тастау (Н. Баск., ДЧТ, 99). Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде айыр бөлу (ДТС, 15)].