АЙЫР

lat: AIYR

зат. Шөп жинауға арналған құрал, аша .

Бір үймек шөпті бір іліп,

Айырмен атсаң аспанға.

Сүйсініп қарттар бірігіп,

Үлгі қып айтса жастарға (2,311).

Адамдар өртке араласып кетті.

Әркім өзінше арпалысуда.

Біреулер топырақ шашып, біреулер айыр , күректеп сабалап, тіпті біреулері үстіндегі киімін шешіп алып қойғылап жүр (4,189).