АЖЫРАТУ

lat: AJYRATÝ

(Орал: Жымп., Чап., Шыңғ.; Ақт., Ойыл) үлесу, бөлу, тарату.

Мені сырт тастап өзара ажыратыпсыңдар ғой (Орал, Жымп.).

Бұлар колхоз өнімін ажыратушылар («К-з жолы», 18.05.1937).

Кейбір колхоздар құрылыс бригадасын ажыратып жіберген, онысы дұрыс емес (Ақт., Ойыл).

Бұдан 22 кг етті өздері алған, қалған 31 кг колхозға килосын 20 сомнан сатпақшы болып, ажыратқан («Лен. жолы», 10.06.1938).

[Қырғызша ажырат бөлу, айыру (К. Юд., КРС, 24);

Осы мағынада хақ. азыр (Хак.-рус. сл., 1953, 18);

чув. уйар бөлу, бөліп қою, бөліктерге бөлу, айыру мағыналарын береді (Чув.-рус. сл., 1985, 508);

сары ұйғ. азырыл (С. Мал., ЯЖУ, 12);

ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде ажырмақ бөлу, айыру (Э. Надж., ИСТЯ, 169);

адрыл бөліну, айырылу (С. Мал., ПДП, 354);

адыр бөліну, бұтақтану (ДТС, 1969)].