(тех.) компьютерлік сервердің мәлімет базасында сақталатын қолданушының идентификациялық нөмірі. Қолданушының компьютерлік желіге өзі туралы жеке мәліметтерді енгізуіне арналған есеп-жазба. Есеп-жазба әлеуметтік желілерге немесе ғаламтор сайттарына тіркелу үшін толтырылады және қолданушының аты-жөні, кілті, жынысы, электрондық поштасы, жеке суреті сынды ақпараттарды қамтиды.