lat: AKKOMODASIaÁ
(лат. accoмodatio — қаз. көз үйрету (үйрену); көз үйрену).
Ж. Пиаженід интеллектах, даму теориясындағы субъектінің сыртқы орта әсерлеріне жауап қайту тенденциясының бірін білдіретін ұғым. Жалпы, индивид сырттан келетін әсерлерге екі түрлі, бір-біріне карама-қарсы үрдіспен — ассимиляция және Аккомодация— жауап береді. Егер субъектіде бұрыннан қалыптасқан әрекет ету схемалары жаңа объектіні толық қамти алмаса, онда бұл схемалар кайта құрылып, жана объектіге қарай бейімделеді. Сөйтіп, жаңа жауап қату тәсілі пайда болады. Демек, субъект схемаларының объектіге төселуі Аккомодация деп аталады. Субъект мінез-құлқының әрбір актісінің ұйымдасуын білдіретін белгілі бір құрылымның динамикалық аспектісін адаптация құрайды. Ол ассимиляция мен аккомодацияның арасында тепе-теңдік орнауынан, осы екі процестің үйлесуінен пайда болады. Өсе келе, баланың ақыл-ойы жетіледі. Ол біртіндеп, тікелей қабылдаудың әсерінен босап, реализмнен объективизмге өтеді. Мұның өзі бала ойлауының эгоцентризмнен арылуын білдіреді.
Аккомодация— (Ж. Пиаже теориясында) қалыптасқан білімді, икемділікті және дағдыларды пайда болған жаңа жағдайларға сәйкестендіріп өзгерту.