АКРОБАТИКА

lat: AKROBATIKA

1) Бір спортшы, екі немесе топтасқан спортшылардың әртүрлі жазықтықта сүйену арқылы және сүйеусіз тепе-теңдігін (баланстау) сақтай отырып, денесін айналдыруына байланысты дене жаттығулары жүйесі.

2) Спорт түрі, еркін және міндетті композицияларды орындау жарыстары (акробатикалық секірулер, қосарланған және топтасқан жаттығулар), оларға балл қою арқылы баға беріледі.

3) Цирк өнерінің жанры (күш, секіру акробатикасы және т.б.).