lat: AKSEPT
оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы.
Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
Егер заңнамалық актіден, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.
БҰҰ «Тауарлардың халықаралық сауда-саттығы шарттары туралы» конвенциясында (Вена, 1980 ж.) арыз офертамен келісімін білдірген офертаның мекенжайын мәлімдеу немесе өзгеше анықтауды акцепті деп анықтаудың талаптары айқындалған.