Жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, мұндағы акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтер) алуы құқығын куәландырады. Акционерлер акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оның қызметімен байланысты залалдарды шегуге өздеріне тиесілі акциялар шегінде тәуекел етеді. Бағалы қағаздар шығару арқылы ресурстарын жұмылдыру акционерлік қоғамның басты артықшылығы болып табылады. Қоғамдардың негізгі екі тұрпаты бар, олар: жабық және ашық акционерлік қоғам.