АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

lat: AKSIONERLİK QOǴAM

өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді (1994 жылғы 27 желтоқсандағы 269 ҚР АК 85-бап)