(lex loci actus) халықаралық жеке құқық аумағында азаматтық құқықтық акті жасалған мемлекеттің құқығын пайдалануды білдіретін тіркелу формуласы. (мыс. өсиет жасалған, сенім хат жазылған, шарт жасалған және т.б). Бұл жалпыланған формула және мұндай түрде ол жиі қолданылмайды, өйткені «азаматтық құқықтық актісі»- әртүрлі азаматтық құқықтық әрекетті қамтитын бұл кең түсінік. Сондықтан ол қай акт түрі туралы сөз болғандығына байланысты нақтыланады. Көп таралған нұсқа келісімшартты жасаған орын, келісімшартты орындаған орын, зиян келтірілген орын туралы заңы болып табылады.