АЛУ

lat: ALÝ

зат. мат.1. Арифметикадағы санды азайту амалы.

Көбейтуге шебермін,

Бөліп те берермін.

Алу, қосуға жоқпын (М.Әлімбаев, Жаңажұмбақ).

Омар қала тағдырына байланысты қосу, алу, көбейту, бөлу, ауыстыру сияқты неше түрлі шиелерді шешіп жүреді (Ә.Тарази, Бұлтқа салу).

2. Алу амалын белгілейтін таңба.

Сан туралы ғылым - субстанцияның бір бөліктерінен басқа бөліктеріне көбейту, оларды бiр-бiрiне бөлу, бiр-бiрiне қосу, бiр-бiрiнен алу, түбiр табуға болатын бөліктерден түбiр табу, қатынастар құру т.б. туралы ғылым (А.Көбесов, Математика.).