АЛУ

lat: ALÝ

Ал етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсеге ие болу, меншіктеу.

Ол қызметін алу үшін менің Киев әскери округінің қарамағына баруым керек екен (Ә.Нұршайықов, Таңд.).

2. Пайда түсіру, кіріс кіргізу.

Мен болыс болып Шығайын, алудың әкесiн сонда көрсетермiн (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Басталған дүние ежелден Алудан емес, беруден.

Алланың өзi - сенем мен, берушi болып көрінген (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).