АЛУА

lat: ALÝA

қант пен бал қосып жасайтын дәмі тәтті тағам. Бұл сөз қазақ фольклорлық жырлары мен ескі қазақ жазбаларында және классикалық шығармаларда жиі ұшырасады. Сондай-ақ сөзімен, қылығымен ынтық етіп, баурап алатын адамды «сөзі (көмейі, сұхбаты) алуадай», алуа жасайтын кісіні «алуашы» деп атаған. «Алуа» деген қыз есімі де бар.