lat: ALÝAN
(ар. алуан الوان) – әртүрлі, неше түрлі.
Зияпат неше алуан көрсетті сый, Танытып сан тамаша санасына («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Пісіріп әр алуан дәмді тағам, Бақалды сыйламақ боп жатпасын ба («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
Мейманға һәр алуан нығмет берді, Сәлімжан тағам жеді һәрбір түрлі («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Алуан-алуан – түрлі-түрлі. Алтыны бар, ішінде жұпар да бар, Топырағы ғұд ғинбар, шөбі бар алуан-алуан («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Бақтардың пісіп тұрған алмасы[бар], Таулардың алуан-алуан саясы бар («Қисса Һамра, Хұсрау патша». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Ғарияға көрістірді қожа Ғаффан, Сәрпай жапты үстіне алуан-алуан («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).