АЛУШЫ

lat: ALÝSHY

зат. Затты, нәрсені алатын адам. 

Уәй, жолдастар, осы кәмпеске деген не өзі? Малды, жерді алушы ма? (М.Әуезов, Шығ.).

Алушы табылса, малға, әйтпесе, тек болса да, көзін өткізбек екен (Ж.Аймауытов, Шығ.).

«Алушының баласы шалушы келеді, деген ғой, сізге жарарлық нәрсе табылса, қалаңыз. (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Осылайша өзі істеген жүзік-сырғасын ұсынған қазақша кіселі белдік жасап, қыны мен пышағын түгелдеген қол ісмерлері де кездеседі. Ескі киім сатушы, тон-шалбар алушы бар (М.Әуезов, Шығ.).