lat: ALǴA
үст. Iлгepi, алдыңғы жаққа.
Шәкеннің ақсұр бедеуі тізгін ұшымен сумаң қағып, лыпылдап, алға түсе берді (М.Әуезов, Абай).
Көңіл менен көзді ашып,
Алға сүйреп барасы;
Бұл жарықтар барында,
Кім адасып қаласы? (С.Торайғыров, Шығ.).
Маңдайынан бұрқ етіп шыққан терді жеңімен бір сүртті де, машинасын алға қарай ағыза берді (І.Есенберлин, Шығ.).