АЛҒЫС

lat: ALǴYS

жақсылық жасағаны, ілтипаты, қызмет көрсеткені және т.б. үшін адамға (топқа, ұйымға) ризалық сезімі, өз тарапынан лайықты жауап беруге өзірлікпен білдіріледі. Алғыс қоғамның құлықтық тіректерінің бірі болып табылады.

Алғыс жақсылықты жақсылықпен өтеу жөніндегі моральдық талап. Алғыс адам алғашқы қауымдық ұжымда өзін бөлектей бастаған кезде, өзара қызмет көрсету тәжірибесі мүмкін болған уақытта пайда болды. Алғыс принципі әлеуметтік-құлықтық императив сипатында болды: сый-сияпат жасау міндетті деп есептеліп, барша жұрт тарапынан танылды. Бертін келе алғыс білдіру неғұрлым кең мәнге ие болды: тауарлар мен қызмет түрлерінің өзара айырбасының экономикалык және зандык карым-қатынастарына құқықпен қалыптастырылмаған қосымша деп саналды. Қазіргі уақыттағы ұғынылуында алғыс адамдардың қарым-қатынасындағы әділеттілік принципінің аса маңызды көрінісі. Алғысты жағымпаздықтан, парақорлықтан, жекелей және қоғамдық істерді жайғастырудың өзге де моральға жат нысандарынан ажырата білу керек. Біреуге қатысты алғыс білдіру міндеттілігі гуманизм, патриотизм, адалдық және т.б. принциптеріне келетін жағдаяттар моральдық тұрғыдан неғұрлым күрделі болып шығады.