lat: ALAŃDAÝSHYLYK
зат. Беймазалық, қобалжушылық, мазасыздық.
Ал халықаралық қауiпсiздiк тұрғысынан қарағанда бұл аймақтағы ахуал алаңдаушылық туғызатыны рас («Егемен Қазақстан»).
Бip миллиард қытайдың арасында тeңiзгe тамған тамшыдай ғана болып қалған 2 миллион қандасымыздың тағдыры алаңдаушылығымызды туғызады («Жас Алаш»).
Алайда «ұран, ұран» деп ұралап жүpiп, өндipгeн өнiм салдарынан аймақтағы адамдардың денсаулығы улануы, дүниеге кемтар сәбилер кeлуi сeкiлдi қауiптi елеп- ескермеу алаңдаушылық туғызады («Жас Алаш»).