АЛА

lat: ALA

(1) зат. Жылқы ішінде көрнекті, жүйрік ат немесе арқалы азбан * Ерлер мінер алаға, көңілім толды санаға. (2) сын. Ынтымақсыз, берекесіз * Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (Мақал). (3) зат. Құлта, арам ниет * Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе, көңілінде бар оның аласы («Бес ғасыр жырлайды»). (4) Ала (көне түрік Алғұ) - бүкіл, тұтас, барша * Ала жаздай. (5) сын. көне. Қанды қасап, жайпағыш * Ала қырғын, ала топалаң.