АЛАМАН

lat: ALAMAN

Қазақ түсінігінде. аламандық басқаларға бағына қоймайтын бәсекелестік, бейресми топтың бір түрі. Ол ру менмендігінің сипаты, яғни әр рудың анадайдан бадырайып мінездің акцентуациясы секілді бесенеден байқалып тұратын көрінісі. Қазақтың әлеуметтік-психологиялық ұғымдарының бірі, елдің сана-сезімінен гөрі рулық, тайпалық мүддені жоғары қоятын, менмендігі күшті ұйымшыл топтың атауы.