АЛАҚАН

lat: ALAQAN

дәстүрлі түсінікте кез келген заттың кеңейіп, жалпақтау келген бөлігінің атауы. 1. Алқаның кейбір салпыншақтардың шынжырмен, топсамен байланысатын бөлек-бөлек күміс пластинка түріндегі негізгі бөлігі. 2 . Қамшының сабы мен өрімінің түйіскен жеріндегі жалпақ қайысы, яғни өрімнің басы. 3. Бұл айылдың ат төсі мен шабын орап тұратын бөлігі. Оның бір басына айылбас, бір басына жырым бекітіледі. Ат денесін қажамау үшін алақан жұмсақ қайыстан немесе ызылған құрдан, сондай-ақ ірі қара терісінен тілінген таспадан өріліп жасалады. Ұшына айылбас (тоға) тағылады.