АЛЬБУМИН

lat: ALBÝMIN

[лат. albumen (albuminis)] зат. хим. Өсімдік және жануарлар ұлпасында, қанның сары суында, жұмыртқада, қантта, сүтте, өсімдік дәнінің құрамында кездесетін, суда еритін қарапайым ақуыз жиынтығы.

Ал қанның сары суында альбумин, глобулин, фибриноген және т.б. белоктар бар (М.Исамбаев.., Мед. анықтама).

Альбумин мен глобулин барлық организмдерге сіңімді келеді, сондықтан да жаңа туған жас төлдер үшін өте маңызды (З.Сейітов, Сүт өңдеу.).

Ақ ірімшікті казеин, альбумин, глобулин заттары фосфор және кальций тұздарымен өзара байланысты келеді (С.Сұбханбердин, Дәрі - дауа.).