АЛЬБЕДО

lat: ALBEDO

[лат. albedo] зат. физ. Дене бетінің өзіне түскен электрмағниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама.

Альбедо - күн жүйесіндегі планеталардың т.б. денелердің маңызды сипаттамасын білдіретін шама (ҚҰЭ).

Альбедо жер бетінің немесе аспанның, судың өсімдік жамылғысының, орманның, даланың, егiстiктің, бұлттың т.б. жарықты шағылыстыру қабілеті (Қ.Құрманов, Физ. геогр.).