АЛГОРИТМ

lat: ALGORITM

зат. мат. Орта Азия математигі әл-Хорезмидің арабша есімінің латынша берілуінен шыққан есептерді шешу тәсілдерінің дәл сипаттамасы.

Алгоритм - қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі (ҚҰЭ).

Ал-хорезмидің (әл-хорезми) өз атынан, берілген бір мәселені шешу үшін қолданылатын есептеулер тәртібін білдіретін, «алгоритм» деген математикалық термин қалыптасты (А.Көбесов, Сөнбе. жұлдыз.).

Шексіздердің арифметикасы мен геометриясы оның алгебрасына түрлендіріледі, айрықша іріктелініп алынған символиканың жөрдемімен алгебралық есептеулердің үлгісі бойынша шексіз аздарды есептеу алгоритмі жасалады (А.Көбесов, Математика.).