lat: ALQA
(Гур.: Маңғ., Есб.; Орал, Казт.; Қост., Фед.; Түрікм.: Красн., Небид., Ашх., Таш.; Қарақ.) құлып.
Кілт жоғалған соң, алқаны аша алмай қалдық (Гур., Маңғ.).
Кілттің алқасы қайда кеткен? (Орал, Казт.).
Балалар есікті алқалап , кілтін жоғалтып алыпты (Қост., Фед.).
Жабық екен десем, мынау жөне (қ.) тұрған алқа екен ғой (Түрікм., Таш.).
Айтқанымыздай қызыл бұрыш есігіне үлкен алқа ілінген («Жұмшы», 15.05.1955).
Бірақ дәл осы мезетте қыздар камерасының есігіндегі алқада кілт шылдырлап, камераның есігі ашылды... (А. Фад., Жас гв., 678).
Сон соң еңкейіп дүкенге қарады. Алқасы бармақтай, шегемен түртіп қалса ашылып кететін көңілшек мәшинә (Ж. Нәжім., Кішк., 112).