мемлекеттің қаржы органдарының және халықаралық валюта-қаржы ұйымдарының қарауындағы сом алтын және монетаның орталықтандырылған қоры. Алтын запасы шетелдік валюта қажет болған жағдайда алтын рыногында металл сату арқылы оны алудың сақтандыру қоры, сондай-ақ өте қажетті тауарлар импортын төлеу және төтенше сипаттағы басқа да сыртқы міндеттемелерді өтеу мақсатында шетел мемлекеттерінен немесе халықаралық ұйымдардан кредит алу кезінде кепіл ретінде пайдаланылады.