АЛТЫНДЫ

lat: ALTYNDY

сын. Алтындаған, алтын жалатқан.

Күн астында алтынды, күмісті погондары жалт-жұлт етеді (М.Әуезов, Абай жолы).

Ұлытау бұндайда алтынды, қорғасынды қоңыр ала көрісіп де еске түсіреді (М.Әуезов, Өскен өркен).

Үйдің бұрыш-бұрышында тұрған алтынды шамдалдарды тегіс тұтатады (М.Мағауин, Аласапыран).

Бақшасарай Қырымға Сенің емің қызыл шашпау хандарды Қилы жүріп көргенмін, Арбаға тайдай ителіп, Алтынды Бақшасарай Қырымға Әзізленген Сұлтан жаның шам етер (Шалкиіз//Алдаспан).