қазақтың байырғы неке-отбасылық дәстүріндегі, қыз ұзату рәсіміндегі кәде түрі, «қызқашар» рәсімі жасалған үйдің әйеліне берілетін сый. Қалыңмал төлегеннен кейін белгіленген қыз ұзату күні қыздың жеңгелері басқа ауылға алып кеткен қалыңдықты іздеп тауып күйеудің жолдас жігіттері тартыс бастайды, түрлі кәделер береді. Ертедегі деректерге қарағанда, әдетте, біраз уақытқа созылған, кикілжіңнен соң жігіт жағы қалыңдықты алып кетерде қалыңдықтың жеңгелері оны кілемге отырғызып шығарып салады. Жігіт жағы қызқашар жасаған үйдің әйеліне алым кәдесін береді. Алым небәрі бір-екі көйлектік мата ғана.