АЛЫМДЫЛЫҚ

lat: ALYMDYLYQ

зат. 1 . Белгілі бір заттың қамту аясының кеңдігі.

Жолдыбаев комбайнның кең алымдылығын қамтамасыз ету үшін барабанға ұзартылған арқан пайдаланды («Лен. жас»).

2. ауыс. Қарымдылық; құлашының кеңдігі.

Оларда атақты оқымыстының жүрек оты, ой толқыны, асқарлардан асу жолындағы алымдылығы, тауқыметті де тамаша тағдыры, ұлы ғалымдар мен халық поэзиясы жөніндегі соны тұжырымдары - қысқасы - ғылымға сарп еткен бар ғұмыр болмысы, нұрлы үміт-арманы сәулелі көрініс береді (Қаныш аға).