lat: ALYP
зат. көне. Түркі-оғыз заманынан бері батырлардың, хан-сұлтандардың, қолбасшы ерлердің есіміне қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі ныспы.
Мысалы, Алып Бамс (Алпамыс), Алып Арслан, Алып Тегін, Алып Ая т.б. түркілердің 7 ғасырдағы бөдіз жазуларында да алып сөзі «күшті», «батыр адам» деген мағынаны білдіреді. Алыптың бұл мәні түркі тілдес елдердің ертегі-жырында сақталып қалған (алып батыр, алып ер, алып Манас, алып туған Қобыланды т.б.) (ҚҰЭ).