АЛЫП

lat: ALYP

сын. 1. Үлкен, зор, дәу.


Үлкен, ауыр, алып денесі бейіл берген қонағын күтуде соншалық тез қозғалады (М.Әуезов, Абай жолы).

Қолыңнан қала тұрса тас қаланып,

Құдіретіңе табынса аспан алып,

Сен жасаған бақытты көріп тұрып,

Сені сүймеу не деген масқаралық (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Күлбілтелемей көмейде жүрген ойды айтты, - деді жеңсібектер сауыт киген алып денесін жеп-жеңіл қозғап, алға таман ұмсына түсіп (Қ.Жұмаділов, Дарабоз).

2. Батыр тұлғалы, зор денелі (ер адам).

Бұл көріністегі Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында ешкімге ұқсамаған, алып батырдай (М.Әуезов, Шығ.).

Қазіргі Майлық руының бір атасы Көтен деп аталады. Осы кісі алып батыр болған деген аңыз бар (Қаз. миф. әңгіме.). // м и ф. Ежелгі грек мифологиясындағы адамнан бірнеше есе ірі, алып денелі күш иелері. Алыптар - ежелгі грек мифологиясындағы аспан тәңірі Уран мен жер тәңірі Геяның ұлдары (ҚҰЭ). Алыптар олимптық құдайларға қарсы көтеріліп, құдіретті Зевс бастаған тәңір атаулыны үрейлендірген (ҚСЭ).