АЛЫС

lat: ALYS

сын. 1. Шалғай, жырақ, жақын емес.

Көп жанның шулаған айғайы мен тасырлаған шабысы қалың шың таудың ішін азан-қазан ғып, қайта-қайта жаңғырығып алысқа жөңкіп тарап жатты (М.Әуезов, Шығ.).

Онан соң алысқа, Алатау жаққа көзін сығырайта қарады: - Марқұм үзілердің алдында жанталасып: «Мылтығым қайда? Қанжарым қайда? Келіп қалды! Келіп қалды!» - деп жан-жағын жасқап жалын өрттің ішінде қалғандай арпалысты (Ш.Мұртаза, Жұлдыз.).

Мұғалімдеріміздің шала-шарпы білімі бар. Бұлардың көбі ел ішінде бір-екі жыл тұрса, осы шалашарпысынан да айырылып қалады. Себебі: оқитын кітап жоқ, сөз айтатын қасында білімді

адам жоқ, алыстан барып білімін толтыруға өзінің және халі жоқ (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

2. Болашақ, келешек.

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,

Атымды ап алыс жылға жалғасатын (Т.Айбергенов, Мен саған.).

3. а у ы с. Туыстығы жақын емес, атасы бөлек; бөтен, бөгде.

Сынатып көрген-білгенін,

Білдірер алыс, жақынға,

Солардың сөйле дегенін (Абай, Тол. жин.).

Ол әлсізді демеу, жақын туыс пен алыс ағайын дауласып алдына келсе, туыстан гөрі ағайынның жоғын жоқтау! (Қ.Жұмаділов, Дарабоз).

Өзің түсінуің керек. Біз екеуіміз бір-бірімізге енді алыс адамбыз (І.Есенберлин, Шығ.).

Көп жаманды қойныма паналаттым.

Алыстан да, жақыннан, елімнен де.

Арым таза, әйтеуір аулақ болдым,

Үш қазақты үш жаққа бөлуден де (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).