АЛЫС

lat: ALYS

ет. 1. Жағаласу, жұлысып ойнау.

Жұматай ойнақыланып, біресе Сейіттің, біресе Бәтимәнің қолындағы ірімшік-құртын тартып алып, кейде алысып, кезек жаталасып қалып, көбінше өзі де қутыңдап, Сейітті де күлдіріп, үйде ойнап қалысты (М.Әуезов, Қараш.).

Ал жарайды: Алысайын, Жеңейін.

Асығыңды атып ұрсын кенейім,

Содан менің биіктей ме мәртебем?

Содан менің өседі ме мерейім?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

2. Біреумен біреу ұстасып қалу, төбелесу.

Күші асқанмен алыспа,

Ақылы асқанмен айтыспа (Мақал).

3. Күресу, арпалысу.

Әбіш болса сол айнымаған алғашқы бетінде бұлар үшін алысқа кірісіп, әкесі бай үшін де, өзі үшін де іс бастағаны жаңағы (М.Әуезов, Абай жолы).

Апта бойы дауылмен алысқан жұмысшылар мен шоферлар әбден қалжырады (І.Есенберлин, Шығ.).

Алысым бар жетпеген, парызым бар,

Қарызым бар, минутпен жарысым бар,

Кел, қиындық, менімен алысыңдар! (Т.Айбергенов, Мен сатан.).

4. ауыс. Таласу, сөз таластыру, айтысу, тартысу.

Аңыздардың бәрінде Алдар Көсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске шыққан, қанаушы тап адамдарымен алысып өткен азамат бейнесінде келеді (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз. әдеб.). Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарасыпбай, Тол. жин.).