АМАЛ

lat: AMAL

«Иран күнтізбесіндегі бірінші ай (22 наурыз бен 21 сәуір)», «тоқты шоқжұлдызы (бұл мағына араб тілінде де, парсы тілінде де бар)», «қозы (бұл мағына араб тілінде де, парсы тілінде де бар)». Бұл сөздің бірінші мағынасы қазақ фольклорлық шығармалары мен ескі қазақ жазбаларында жиі ұшырасады. Батыс Қазақстанда тойланатын «Амал мерекесі» осымен байланысты.